ШұғылҚазақстанда маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болды

Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 53 мыңнан асты

212 991 адам ауруынан жазылып шыққан

Фото: REUTERS/Phil Noble

COVID-19 вирусын жұқтырғандардың санын жариялап отыратын worldometers ресурсының жазуынша, әлемдегі 204 елдегі ауырған адамдар саны 1 млн 15 мың 850 адамға жеткен. 53 216 адам көз жұмып, 212 991 адам ауруынан айыққан.

АҚШ қауіпті вирустан көз жұмғандар саны жағынан ең бірінші орында тұр. Бұл елде бір тәулікте 1169 адам қайтыс болды. Жалпы, елде коронавирус құрбандарының саны 5926 адамға жетті.   

Бұрын ең көп адам өлімі Италияда тіркелген еді: 27 наурыз күні бұл елде бір тәулікте 969 адам көз жұмған болатын.

Кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейсус Жененвада өткен конференцияда жақын күндері коронавирус жұқтырған адамдар саны 1 млн-нан асады деп мәлімдеген болатын. Ол сондай-ақ, қауіпті вирустың тым қарқынды түрде таралып жатқанына қатты алаңдайтынын айтқан еді.

ДДСҰ коронавирустан жазылып шыққандар туралы мәліметті жария етпейді, себебі, көптеген елдер бұл вирусты жұқтырғандарға қатысты есеп өткізбей отыр.

Айта кетсек, COVID-19 жұқпалы ауруын туындататын SARS-CoV-2 вирусы ең алғаш 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында тарала бастаған болатын. 11 наурыз күні ДДСҰ коронавирус таралуын пандемия деп жариялады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 344 адамға жетті. Індеттен 3 адам көз жұмды, 26 адам жазылып шықты.

Сұхбат
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады