ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 769 адамнан коронавирус анықталды

ДДСҰ басшысы коронавирустың таралу қарқынына алаңдаушылық білдірді

Алдағы күндері COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 млн адамға жетеді

Фото: Hendrik Schmidt/dpa/Global Look Press

ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеме жасап, ғаламшарда коронавирустың тым қарқынды түрде таралып жатқанына алаңдаушылық білдірді. 

«Мен індеттің таралу ауқымының жылдам кеңейіп, әлемді жайлап бара жатқанына қатты алаңдап отырмын. Бұл қауіпті вирус барлық елге жетті десе де болады», – деп атап өтті отметил Гебрейесус.

Оның айтуынша, соңғы аптада індеттен көз жұмғандар саны екі есеге артып кеткен. Жақын уақытта ғалам бойынша COVID-19 вирусын  жұқтырғандар саны 1 млн адамға жетпек.

Бүгінгі күні әлемде 936 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны, 47 мыңнан астам адамның індеттен көз жұмғаны, 194 мыңнан астам адамның ауруынан жазылып шыққаны белгілі болып отыр

Айта кетсек, Қазақстанда қазіргі таңда 402 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып отыр.  26 адам ауруынан жазылып шықса, өкінішке қарай, індеттен 3 адам көз жұмды.