ШұғылҚазақстанда тағы 517 адамнан коронавирус анықталды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 935 мыңнан асты

COVID-19 вирусы 47 мыңнан астам адамның өмірін жалмап кетті

Фото: Rainer Droese via imago-images.de/Global Look Press

Бүкіл әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 935 мың адамға жетті. Олардың 215 мыңы – АҚШ тұрғындары, деп жазады worldometers.info.

Дегенмен, Джон Хопкинс университетінің Жүйелік ғылым және инженерия орталығы (CSSE) жариялаған деректерге сүйенсек, дәл қазіргі таңда әлемде қауіпті вирус жұқтырғандар саны шындығында, сәл азырақ: 887 067 адам.

Қалай болғанда да, бр анығы, коронавирус әлемде 47 мыңнан астам адамның өмірін жалмап кетті.

Бүгінде АҚШ-та 215 мыңнан астам адам қауіпті вирус жұқтырған. Ауру жұқтырғандар саны жағынан одан кейінгі орында Италия тұр . Бұл елде 110 мың адам вирус жұқтырған, сондай-ақ, Испанияда 104 мың адам COVID-19 вирусын жұқтырған.

Індет бастау алған Қытай вирус жұқтырғандар саны жағынан төртінші орынға ығысты (82,3 мың). Алайда, Bloomberg агенттігі Ақ үйдің баяндамасына сілтеме жасай отырып, «Америкалық барлау қызметі Қытайды елдегі коронавирус жұқтырғандар санына қатысты шынайы деректі әдейі азайтып көрсеткені үшін айыптады», деп хабарлады. 

Сонымен қатар, Германия (76,5 мың) мен Францияда (52,8 мыңдай адам) да қауіпті вирус жұқтырғандар саны азаймай тұр. Ал Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 2777 адамға жетті. Барлығы 190 адам ауруынан жазылып шықты, 24 адам көз жұмды.

Қазақстанда қауіпті вирус жұқтырғандар саны күн өткен сайын артып барады. Қазіргі таңде елімізде 402 адам коронавирус жұқтырғаны анықталып отыр.  26 адам ауруынан жазылып шықса, өкінішке қарай, індеттен 3 адам көз жұмды.

Сұхбат