Шұғыл«Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 402-ге жетті

Тағы 16 адамнан COVID-19 инфекциясы табылды

Фото ашық дереккөзден

2 сәуір сағат 08:40-тағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны 402-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде тағы 16 адамнан: Нұр-Сұлтан қаласында – 7, Қарағанды облысында – 6, Атырау облысында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адамнан коронавирус анықталды.

«Қазіргі таңда Қазақстан бойынша барлығы 402 жағдай тіркеліп отыр: Нұр-Сұлтан қаласы – 191, Алматы қаласы – 90, Шымкент қаласы – 3, Ақмола облысы – 19, Ақтөбе облысы – 4, Алматы облысы – 9, Атырау облысы – 18, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Жамбыл облысы – 5, Батыс Қазақстан облысы – 2, Қарағанды облысы – 21, Қызылорда облысы – 25, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 6, Түркістан облысы – 5», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, бүгінге дейін елде індеттен 3 адам көз жұмды. 26 адам жазылып шықты.