03.04.2020, 09:31
Жаңалықтар
COVID-19: АҚШ-та бір тәулікте 1169 адам қайтыс болды
Елде ауру жұқтырғандар саны 245 мың адамнан асты
АҚШ-та бір тәулік ішінде коронавирустан 1169 адам көз жұмып, бұл Италияның өлім көрсеткішінен асып түсті деп жазады РИА Новости.
Әзірге ең көп өлім Италия мен Испанияда тіркелгенімен, АҚШ-та аурудың таралу қарқыны мен өлім көрсеткіші өте жоғары. Бүгінде елде коронавирустан 5926 адам көз жұмған. Италияда – 13 915, Испанияда – 10 348.
Бір тәулікте қайтыс болғандар саны жағынан АҚШ бірінші орынға шығып отыр. Бұған дейінгі Италияда 27 наурызда тәулігіне 969 өлім тіркелген болатын.
Еске салайық, Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 3 сәуірге дейінгі мәліметтер бойынша 435 адамды құрады. 3 адам қайтыс болған.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады