$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.04.2020, 05:38
Жаңалықтар

3 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Жұма күні еліміздің басым бөлігінде жауын, жел, шаңды дауыл болады

3 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет 3 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Солтүстікте түнгі сағаттарда кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), басқа аймақтарда көбінесе жаңбыр жауады. Кей жерлерде республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен бірге, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды», - деп жазылған хабарламада.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады.

Серіктес жаңалықтары