Алдағы күндері елімізде ауа райы қайта суытады
Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі
«Қазгидромет» РМК Қазақстанда 9-11 қараша арылығында күн қайта суытатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синоптиктер болдамынша, алдағы күндері күздің тұрақсыз ауа райы сақталады.
«Барикалық алқаптардың тез өзгеруіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте ауа райының тұрақсыз сипаты сақталуда. Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда:
- 9 қарашада оңтүстікте;
- 10 қарашада батыста;
- 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста;
- 11 қарашада еліміздің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал.
Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
«Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ болады. Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік-шығысында түнгі сағаттарда ауа температурасы түнде 2 аяз - жылы, таулы аудандарда 5-10 аязға дейін төмендейдә, - делінген хабарламада.