07.11.2023, 16:58
Жаңалықтар
«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Фото ашық дереккөзден
Ержан Ыбыраев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», - делдінген хабарламада.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
15.11.2026, 18:36
Астанада балағат сөздер айтқан такси жүргізушісі бес тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)
