Бүгін еліміздің басым аумағында жаңбыр, кей өңірде қар жауады
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктер 31 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін еліміздің басым бөлігінде атлантикалық циклонның және соған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік-батыста жел, жаяу бұрқасын болады.
Түнде еліміз орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз оңтүстікте қатты жаңбыр жауады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +1…+3°C болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел жылдамдығы 3-8, екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +13...+15°C болады.
Шымкентте ауа райы бұлтты, жаңбыр жауады, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +11...+13°C болады.