$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Газа секторында үш аптада 3,2 мыңға жуық бала қаза тапты

Аймақта қаза тапқандардың 70%-ға жуығы - әйелдер мен балалар

Газа секторында үш аптада 3,2 мыңға жуық бала қаза тапты
Фото DPA / TASS

Палестина-Израиль қақтығысының шиеленіскелі бері Газа секторында қаза тапқандардың шамамен 70%-ын әйелдер мен балалар құрайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Бұл туралы БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек пен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі агенттігінің (UNRWA) бас комиссары Филипп Лазарини мәлімдеді.

«Газа секторында қаза тапқандардың 70%-ға жуығы - әйелдер мен балалар. Үш апта ішінде анклавта 3,2 мыңға жуық бала қаза тапты. Мұның бәрі кездейсоқ өлім болуы мүмкін емес», - деп келтіреді ТАСС агенттігі Лазаринидің сөзін.

Оның айтуынша, Газа секторында зымыран снарядтары бейбіт тұрғындар паналап жатқан шіркеулерге, мешіттер мен ауруханаларға, UNRWA нысандарын түсіп жатыр.

«Бейбіт тұрғындар аяусыз қырылып жатыр, қауіпсіз баспана іздеген тым көп адам жазықсыз қаза тапты. Газаны бүгінде ұжымдық жазаға ұшырап отыр», - деді Лазарини.

БҰҰ баспасөз хатшысы Газа тұрғындарының «өздеріне еш қатысы жоқ соғыс құрсауында қалғанын, бүкіл әлем оларды ХАМАС-пен теңестіріп жатқанын сезінетінін айтты».

Айта кетсек, бүгін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мәлімдеме жасап, анклавтағы соғысты кеңейтудің үшінші кезеңіне аяқ басқанын айтты. Оның айтуынша, ел билігі «ХАМАС-тың әскери және әкімшілік әлеуетін жою үшін алдына нақты мақсат қойды».

Серіктес жаңалықтары