Алматыда шекараны заңсыз кесіп өтпек болған төрт пәкістандық ұсталды
Олардың алдағы жоспары мен қылмыстың себептері тергеу барысында белгілі болмақ
Алматыда мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған төрт пәкістандық ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
30 қазанда Алматының көші-қон қызметінің қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ҰҚКД әріптестерімен бірлесіп, Әуезов ауданында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз өтіп кеткен Пәкістан Ислам Республикасының төрт азаматын ұстады.
«Олар ҚР ҚК-нің 392-бабында (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) көзделген қылмысты жасаған», – делінген хабарламада.
Полицейлер қалаға келген шетелдіктер хостелге орналасқанын анықтады.
Пәкістан азаматтарының алдағы жоспары мен қылмыстың себептері тергеу барысында белгілі болмақ.