23.10.2023, 11:40
Жаңалықтар
Израиль атқылауынан қаза тапқан журналистер саны 18-ге жетті
Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасындағы қақтығыс 7 қазанда тұтанған болатын
7 қазаннан бері Израиль атқылауынан қаза тапқан журналистер саны 18-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Палестина журналистері одағының жазбаша мәлімдемесінде палестиналық фотожурналист Рушди әл-Саррадждың Израиль шабуылдарынан қаза тапқаны хабарланды.
Мәлімдемеде Серрадждың өлімінен кейін 7 қазаннан бері Израиль шабуылдары нәтижесінде қаза тапқан журналистер санының 18-ге жеткені атап көрсетілді.
Серрадждың әйелі Шурук әл-Айлех Anadolu агенттігіне күйеуінің Газадағы Тель аль-Хева маңында жасалған әуе соққысынан қаза тапқанын айтты.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді