23.10.2023, 11:19
Жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады
Министрлік оқушыларға демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспарын ұсынды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталып келеді. Күзгі демалыс 2023 жылдың 30 қазаны мен 5 қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынды.
Іс-шаралар жоспарына:
- жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен бірлесіп ғылыми жоба жұмыстарының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО-ның оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;
- «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру аясында оқырмандармен кездесу ұйымдастыру және оқылған әдебиеттерді талқылау;
- «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, «Педагог-бала-ата-ана» бірлесуімен отбасылық дәстүрлер туралы әңгіме жүргізу;
- Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Қожа Ахмет Яссауи мұраларын оқу» тақырыбында оқушылар арасында эссе мен жобалық жұмыстар жазу;
- оқушылар арасында «Өнегелі өмір» тақырыбында эссе жазудан байқау өткізу, балалардың үздік жұмыстарын атап өту;
- оқушылармен және олардың ата-аналарымен бірлесіп «Денсаулық сақтаудың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліске түспеу» тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу;
- «Әкеге ізет, анаға құрмет» тақырыбында «Жас ақындар айтысы» байқауын ұйымдастыру, жеңімпаздарын марапаттау енгізілді.
Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.
Көп оқылған
12.05.2026, 11:29
«Екі өкпеден бір сәтте пышақ сұққан»: Талғар полициясы жас жігітті өлтіргендерді ұстау үшін ауыл маңына блокбекет қоюға мәжбүр болған
12.05.2026, 16:08
«Балапан» продюсері бала күнімде зорлады»: телеарна желідегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
12.05.2026, 14:17
Атырауда қайын жұртын қырып тастады деген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты ашық режимде өтетін болды
12.05.2026, 09:31
«Әзілдеп жасаған»: 9-сынып оқушылары Астана мен Алматы облысында 14 жерге «бомба қойған»