$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.10.2019, 12:05
Жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қарқыны азайған

Мемлекет пен жеке сектор арасындағы әріптестік қарқыны биылғы қыркүйек айының көрсеткіші бойынша бір жылда 4,7%-ға кеміген

Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қарқыны азайған
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 643 жеке компания мемлекетпен серіктестік құрған. Өткен жылдың осы кезеңінде оның саны 675 компания болатын. Ал қазан айының басында олардың саны тағы да азайып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс істейтін мекемелер 598 жобаға қол қойыпты. Бұл туралы Finprom.kz жазады.

Келісім шарттардың тең жартысы үш аймақтың үлесіне тиеселі. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында жеке сектор мен мемлекет арасында жаңа келісімдерге 114 компания  (былтыр — 124 компания) қол қойған. Алматыда 69 кәсіпорын, ал Қарағандыда 51 кәсіпорын тіркеліпті. Осы үш өңірде елдегі барлық тіркелген компаниялардың 46,5%-ы жұмыс істейді. ТОП-5 қатарында Ақмола (40 кәсіпорын) мен Қызылорда (40 кәсіпорын) облыстары да бар.

Қазақсан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз орталығы берген ақпаратта, биыл 1 шілдеге дейін 565 келісім шарт жасалған. Жалпы соммасы 1,3 трлн теңге. Олардың ішінде 9 республикалық, 556 жергілікті жобалар бар. Қазір тағы да 620 жоба талқыланып жатыр, олардың инвестициялық салымы 1,9 трлн теңге болмақ. Жобалардың басым бөлігі білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы салалары бойынша жүзеге асып жатыр.

Бұл үрдіс дамыған мемлекеттерде жолға қойылған. Әріптестік арқасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі артып, бюджетке түсетін жүктеме жеңілдейді. Күздің соңғы айында Қазақстанда МЖӘ бойынша алғаш рет инвестициялық форум ұйымдастырылады. Қатысушылар мемлекеттік жекеменшік әріптестіктің болашағы туралы пікір алмасады. Форумды Ұлттық экономика министрлігі мен «Қазақстан мемлекеттік жекеменшік әріптестік орталығы» бірігіп өткізбек. Шараға Азия даму банкі демеушілік жасайтын болады.

Серіктес жаңалықтары