$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.10.2019, 10:51
Жаңалықтар

ҰҚК: 14 қазақстандық террористік әрекет жасады деп айыпталып отыр

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, Сирияда ДАИШ-тің бір жасағында болған 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, оларға террористік әрекет жасады деген айып тағылып отыр  

ҰҚК: 14 қазақстандық террористік әрекет жасады деп айыпталып отыр
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп, «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан 595 қазақстандықты елге қайтарды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.

Оның ішінде 400-ден астамы балалар. Елге қайтарылған адамдардардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу дерегі бойынша әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылған. 

«Тергеу нұсқасы бойынша Сирияда ДАИШ-тің бір жасағында болған тағы 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оларға террористік әрекетке қатысты «әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады» деген айып тағылды», - дейді ҚР ҰҚК ресми өкілі Аркен Абдуғали. 

Комитет мәліметінше, қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына берілген.

Серіктес жаңалықтары