Танымал америкалық боксшы ауыр нокауттан кейін қайтыс болды
Ол бас сүйегі жарақатын алған
27 жастағы америкалық кәсіпқой боксшы Патрик Дэй ауыр соққыдан кейін есін жимастан ауруханада қайтыс болды деп жазады Vesti.kz.
Дэй биыл 12 қазан күні Чикагода өткен бокс кешінде жерлесі Чарльз Конвеллмен жұдырықтасқан болатын. Ауыр соққыдан кейін ол есін жоғалтып, рингтен тікелей ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған ота жасағаннан кейін боксшы сол күйі есін жимастан қайтыс болды.
«WBC мен оның президенті Маурисио Сулейман Патрик Дэйдің өліміне байланысты қайғыра көңіл айтады. Ол 12 қазанда болған жекпе-жекте бас-сүйек жарақатын алып, бүгін қайтыс болды. Осындай ауыр жағдайда біз Патриктің отбасымен біргеміз», - делінген WBC қауымдастығының ресми сайтында.
Дэй кәсіпқой боксқа 2013 жылы келген. Сол уақыттан бері ол 22 жекпе-жек өткізіп, оның 17-де жеңіске жетті.