ШұғылCOVID-19: 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Шымкентке кіріп-шығуға тыйым салынады

Қалаға кіретін барлық жолдар жабылады

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентке көліктердің кіріп шығуына тыйым салынады. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарына жариялаған үндеуінде айтты.

«Короновирустың тез таралуы тұрғындардың денсаулығына қатер төндіруде. Шымкент қаласында індет жұқтырған 2 адам тіркеліп, бір елді мекен карантинге жабылды. Республиканың өзге аймақтарына Шымкент арқылы өтетін транзитті жолаушылар көп. Олардың саны тәулігіне шамамен 200 мың адам. Бұл жағдай індеттің таралу қаупін арттырып отыр. Сол себепті Шымкент қаласында 31 наурыз күні сағат 21:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі», - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, қалаға кіретін барлық жолдар жабылады. Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады. Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі.

«Адамдар жақын қарым-қатынаста болған кезде вирустың тез таралатыны дәлелденген. Сол себептен қала аумағында бетперде тағу режімін енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Барлық азаматтар медициналық бетперде киюге міндетті», - деді Мұрат Әйтенов.