$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.03.2020, 04:25
Жаңалықтар

Атырауда төтенше жағдай режимін бұзған бес кәсіпкер қамауға алынды

Режимді бұзғаны үшін 38 адам жауапкершілікке тартылған

Атырауда төтенше жағдай режимін бұзған бес кәсіпкер қамауға алынды
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысының прокуратурасы төтенше жағдай талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін мобильді топ құрды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Мобильді топтың жұмысы нәтижесінде режимді бұзғаны үшін 38 адам жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 5 кәсіпкер әкімшілік қамауға алынды. Олар «Хан­шайым», «Нәрлі» ресторандарының, «Аман­жан» кафесінің, «Финбет» букмекерлік кеңсесінің иелері мен «Ямато» суши-барының әкімшісі», - делінген хабарламада.

Әлеуметтік желілерде көрінеу жалған ақпараттар (тұрғындардың коронавируспен ауыратыны туралы) тарату (ҚК 274-б.), жеке және отбасылық құпияны құрайтын мәліметтерді (коронавирусқа ұшыраған 3 тұлғаның аты-жөндері) тарату (ҚК 147-б.) фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, 30 наурыздан бастап Атырау қаласы карантинге жабылды.

Серіктес жаңалықтары