$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.03.2020, 09:08
Жаңалықтар

Грузияда коменданттық сағат енгізілді

Елде 98 адам коронавирус жұқтырған

Грузияда коменданттық сағат енгізілді

COVID-19 вирусының жаппай тарауына байланысты Грузия билігі елде коменданттық сағат енгізді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Георгий Гахария мәлімдеді, деп жазады Грузия-online.

Карантиндік шектеулерге сәйкес, бүкіл ел аумағында кешкі сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін көлік қозғалысы мен жаяу жүру мүлдем тоқтатылады. Бұл шешім 31 наурыз күні жергілікті уақытпен 08:00-де күшіне енеді.

«Төтенше жағдай уақытында бүкіл ел аумағында карантин енгізіледі. Ал, кешкі сағат тоғыздан таңғы алтыға дейін қоғалыстың барлық түріне қатаң тыйым салынады», - деді премьер-министр.

Карантин аясында 70 жастан асқан азаматтарға көшеге шығуға мүлдем тыйым салынған. Тек аса қажеттілік туған сәтте жақын маңдағы дүкенге, дәріхана немесе медициналық орталықтарға барып келуіне болады.

«Егер 70 жастан асқан азаматтарымыз арасында жалғызбастылары болса, оларға экономика министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті атқарушы орган көмектесуі қажет», - деді Гахария.

Айта кетейік, Грузияда бүгінгі күнге дейін 98 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Серіктес жаңалықтары