02.10.2023, 14:20
Жаңалықтар
Мексикада шіркеудің төбесі опырылып, 10 адам қаза тапты
Сондай-ақ 60 адам жарақат алды
© AP Photo / Jose Luis Tapia
Мексиканың Сьюдад-Мадеро қаласында (Тамаулипас штаты) шіркеу шатырының опырылуы салдарынан 10 адам мерт болып, 60 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы «Х» әлеуметтік желісінде аймақтық қауіпсіздік министрлігінің хабарламасында айтылған.
«Қайғылы оқиғадан 10 адам қаза болды және 60 адам жарақат алды, оның 23-і ауруханаға жатқызылды, екеуі ауыр жарақатпен жеткізілді», - делінген хабарламада.
Мемлекеттік департамент төтенше жағдай «құрылым ақауына» байланысты болуы мүмкін деген болжам айтты.
Оқиға орнында үйінді аршу жұмыстары жалғасып жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
