Ақмола облысында Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
Жаңа бастықты жеке құрамға ІІМ орынбасары таныстырды

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы болып полиция полковнигі Нұрсұлтан Мұқашев тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жаңа бастықты жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев таныстырды.
Мұқашев 1977 жылы 22 шілдеде Қарағандыда дүниеге келген.
ІІО-дағы қызметін 1998 жылы Қарағанды облысы ІІБ анықтау бөлімшесінің анықтаушысы қызметінен бастады. Ол Қарағанды облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында түрлі лауазымдарда болған.
2010-2020 жылдары Қарағанды қаласы ІІБ Михайлов полиция бөлімін, Саран қаласы ІІБ, Қарағанды қаласы ПБ, Шахтинск қаласы полиция бөлімін басқарды.
Сондай-ақ Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасарын лауазымында болған.
Бұған дейінгі лауазымы – Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары.