29.09.2023, 16:52
Жаңалықтар
Абай облысында 50-ден астам заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
Кінәлі тұлғаларға айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден
Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы 51 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Құзырлы органның мәліметінше, қоқыс үйінділері «Қазақстан Ғарыш сапары» геопорталының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы анықталды.
Қоқыс үйіндісінің ең көп саны Бородулиха, Жарма аудандары мен Семей қаласында екені анықталды.
«Қалдықтарды уақтылы кәдеге жаратпау қоршаған ортаға орны толмас зиян келтіреді, осыған байланысты прокуратураның қадағалау актісі бойынша оларды жою жөнінде шаралар қабылданды», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, кінәлі тұлғалар ӘҚБтК-нің 324-бабы бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)