Пәкістанда мешіт маңындағы жарылыс салдарынан 50-ден астам адам қаза тапты

Azattyq Rýhy

Жергілікті билік жарылысты жанкешті жасады деп есептейді

Пәкістанда мешіт маңындағы жарылыс салдарынан 50-ден астам адам қаза тапты
Фото: PPI/Keystone Press Agency/Global Look Press

Пәкістанның Мастунг қаласындағы мешіт жанында болған жарылыс салдарынан 52 адам қаза тапты, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Dawn.com жазуынша, соңғы мәліметтер бойынша 130-дан астам адам жарақат алған.

Жергілікті билік жарылысты жанкешті жасады деп есептейді, оның себептері анықталмады.

Жарылыс адамдар «Мәдина Масджид» мешітінің маңында Ид-и-Миладун Наби жиынына жиналып жатқан кезде болған. 

«Лаңкес полиция бастығы орынбасарының көлігінің жанында жарылды», - деді бас инспектордың орынбасары Мунир Ахмед Reuters агенттігіне.

Ол жарылыс жұрттың Мұхаммед пайғамбар туған күнін тойлау үшін жиналып жатқан мешіттің жанында болғанын айтты.

Тыйым салынған «Техрик-е-Талибан Пәкістан» ұйымы бұл шабуылға қатысы барын жоққа шығарады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.