$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Республика бойынша тұман түсіп, екпінді жел тұруы мүмкін

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Фото ашық дереккөзден

Синоптиктер ел аумағында бүгін, яғни 30 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Солтүстік-батыс циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР басым бөлігінде жаңбыр жауады, түнде оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарына қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) түседі. Республика бойынша тұман, оңтүстік-шығыста, шығыста, күндіз орталықта екпінді жел тұруы мүмкін.

Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталуда.

Жамбыл облысында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Серіктес жаңалықтары