БҚО-да табыс салығын жасырған компания бюджетке 11 млрд теңге төледі

«Жайықмұнай» ЖШС жұмысынан заңбұзушылықтар анықталды

БҚО-да табыс салығын жасырған компания бюджетке 11 млрд теңге төледі
Фото ашық дереккөзден

«Жайықмұнай» ЖШС 2016-2021 жылдары корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын төмендетіп келген, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

БҚО прокуратурасының мәліметінше, өңірдегі ірі компаниядан мемлекеттік бюджетке облыс прокуратурасының шаралары бойынша 9 млрд теңге көлемінде корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы төленді.

«Бұдан басқа, 2016-2021 жылдары кезеңінде ҚҚС және КТС сомаларын төмендеткені үшін «Жайықмұнай» ЖШС-іне «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 278-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салынып және 2 млрд теңге сомасына айыппұл салынды, ол толық көлемде өтелді», - делінген ведомство хабарламасында.

Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде мемлекеттік бюджет 11 млрд теңгеге толықтырылды. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.