Жамбыл облысының екі тұрғынынан 23 келі марихуана тәркіленді

Azattyq Rýhy

 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Жамбыл облысының екі тұрғынынан 23 келі марихуана тәркіленді
Фото ашық дереккөзден

Көлік полицейлері Жамбыл облысының екі тұрғынынан 23 келі марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Меркі ауданының Қарасу темір жол аралығында Жамбыл облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады.

«Ұсталғандардың автокөлігін тексеру кезінде жалпы салмағы 23 келі 140 грамм, яғни аса ірі мөлшердегі кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді», – дейді көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.