$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ОСК Вера Кимді Мәжіліс депутаты ретінде тіркеді

Нұрлан Әбдіров депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыстады

ОСК Вера Кимді Мәжіліс депутаты ретінде тіркеді
Фото: election.gov.kz

Орталық сайлау компаниясы Вера Кимді ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты ретінде тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ОСК-нің хабарлауынша, 2023 жылғы 19 қыркүйекте Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты В.А. Кимді тіркеу туралы» қаулы қабылданды. 

Отырыс барысында ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабына сәйкес депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталатынын хабарлады.

Нұрлан Әбдіров Вера Александровнаға белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыстап, оған депутаттық корпустағы жұмысына сәттілік тіледі.

Серіктес жаңалықтары