Оралда Африка азаматшасы интимдік қызмет көрсетіп келген

Azattyq Rýhy

Батыс Африка азаматшасы БҚО тұрғыны ұйымдастырған притонда жұмыс істеген

Оралда Африка азаматшасы интимдік қызмет көрсетіп келген
Фото ашық дереккөзден

Оралда эротикалық боди-массаж түріндегі жыныстық қызмет көрсетіп келген Батыс Африка азаматшасы анықталды. Ол БҚО тұрғыны ұйымдастырған притонда жұмыс істеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«14 қыркүйек күні БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында өзінің жалдама пәтерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырған 1990 ж.т. Орал қаласының тұрғынын анықтады», - делінген хабарламада.

Ол клиенттеріне Батыс Африкадағы Сьерра-Леоне Республикасының тумасы, 1999 ж.т. бойжеткенді эротикалық боди-массаж түріндегі жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынған және сол үшін ақша алған.

ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.