$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

2,3 млрд теңгенің келісімі: «ҚазАвтоЖол» қызметкерлерінің үстінен іс қозғалды

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

 

2,3 млрд теңгенің келісімі: «ҚазАвтоЖол» қызметкерлерінің үстінен іс қозғалды
Фото: qaj.kz

Көкшетау көлік прокуратурасы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалында Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің апатты түріндегі төтенше жағдайына сілтеме жасай отырып конкурс өткізбестен заңсыз шарт жасасу фактісін анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бас көлік прокуратурасы хабарлағандай, осы мәміле бойынша 2,3 млрд теңге сомасына «Жақсы-Есіл-Бұзылық» республикалық маңызы бар автожолына күрделі жөндеу жүргізумен қатар жаңа көпір салу жоспарланған.

«Дегенмен көпір тез арада шұғыл араласуды қажет етіп, бәсекелестік процедураларға кедергі келтіретін басқа күш пен технологиялық заңбұзушылықтар болғаны анықталмады. Шарт шеңберінде филиал мердігердің шотына 200 млн теңге көлемінде аванс аударылған, алайда қандай да бір жұмыс басталмаған», - делінген ведомство хабарламасында.

Осы жағдайлардың барлығын растаған аудиторлардың 2022 жылғы 13 желтоқсандағы қорытындысымен мердігер келіспей, сотқа шағымданды.

Сот 30 мамырда қарау нәтижесінде ішкі аудиттің қорытындысын (есебін) жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан.

Сот актісі 2023 жылдың 23 тамызында күшіне енген.

«Филиалдың лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін жымқырғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары