$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында шенеунік мигранттарға «қамқорлық танытқаны» үшін пара алған

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады

Ақтөбе облысында шенеунік мигранттарға «қамқорлық танытқаны» үшін пара алған
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетел азаматтарының Қазақстан аумағына заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу жөніндегі іс-шараларды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство мәліметінше, 9 қыркүйекте Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдері заңсыз көші-қон арнасының жұмыс істеуіне жалпы қамқорлық жасауы үшін лауазымды тұлғаға пара берді деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша бұл арна шетелдік жұмысшыларды республикадағы еңбек қызметіне тиісті рұқсатсыз тарту үшін пайдаланылған. Пара нысаны ретінде 400 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алынды», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 2-бөлігі (айтарлықтай мөлшерде жасалған пара беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары