$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.03.2020, 10:01
Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 41 адам анықталды

Елімізде аталған індетті жұқтырғандар саны 191-ге жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 41 адам анықталды
Фото: reuters.com

28 наурыз сағат 10:00 жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 41 адам тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020 сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласында - 32 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы қаласында - 2 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Атырау облысында -1 адам анықталды.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 107 адам, Алматы қаласында – 57 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында - 3 адам, Атырау облысы - 4 адам, Ақмола облысында - 5 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 2 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 191 науқас тіркелді», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары