$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.03.2020, 11:30
Жаңалықтар

Италияда коронавирустан бір күнде мыңға жуық адам қайтыс болды

24 сағат ішінде 5909 адамнан вирус табылған

Италияда коронавирустан бір күнде мыңға жуық адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Италияда коронавирустан бір күнде мыңға жуық адам қайтыс болды. Мемлекетте вирустан көз жұмғандардың жалпы саны он мыңға жуықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

Италияда соңғы тәулікте 969 адам қауіпті дерттен қайтыс болған. Азаматтық қорғаныс департаментінің мәліметінше, бұл - пандемия басталғалы болған ең үлкен көрсеткіш.

«24 сағат ішінде 5909 адамнан вирус табылып, вирус жұқтырғандар 86 мыңнан асып кетті. Италия қазір қайтыс болғандар бойынша әлемде бірінші, вирус жұқтырғандар бойынша АҚШ-тан (96 мыңнан астам адамнан вирус табылды) кейін екінші болып тұр. Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 566 мыңнан асты. 25 мыңнан астам адам қайтыс болды. Ал дерттен айыққандар саны 127 мыңнан асты», - деп жазады басылым.

Италияның денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай комиссары Доменико Аркуридің айтуынша, коронавирустан бір күнде 589 адам жазылып шығып, олардың жалпы саны он мыңнан асқан.

Серіктес жаңалықтары