$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2019, 18:13
Жаңалықтар

Қорғаста 50 дана құндыз ішікті заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды

Қымбат тондардың жалпы құны 10 млн 162 мың теңгені құраған

«Қорғас» кеден бекетінде қымбат ішіктерді тығып өтпек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Кәсіпкер Қытайдан «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы арқылы Қазақстан аумағына 50 дана құндыз тонды кедендік декларациядан жасырып алып өтпек болған. Контрабанданың жалпы құны 10 млн 162 мың теңгені құрайды. Ал, кәсіпкер ірі көлемде бұл ішіктер үшін 2 млн 400 мың теңге кедендік төлем жасауы керек болған.

«50 дана құндыз ішіктің жалпы салмағы 89 келі. Ұсталған ішіктер уақытша жүк сақтау қоймасына қойылды. Қазір кеден заңнамасын бұзған азаматтарды толық анықтап, оларды жауапқа тарту жолдары қарастырылып жатыр»,- деді «Қорғас» ШМХЫО бас маманы Бекен  Нұрахметов.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Қорғас