18.07.2023, 08:57
Жаңалықтар
Польшада ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза болды
Сондай-ақ 12 адам жарақат алды
Фото: rp.pl
Польшада «Cessna 208» ұшағы апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты, сондай-ақ 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Польшаның Rzeczpospolita басылымы хабарлады.
«Ұшақ Насельский маңындағы Хрцинно әуежайында адамдардың үстіне құлады. Қазіргі кезде құтқару операциясы жүріп жатыр. Оқиға орнына көптеген төтенше жағдайлар қызметі аттанды», - деп жазады агенттік.
Басылым жазуынша, ұшақтан парашютпен секіру жұмыстары орындалған, алайда құлаған кезде ішінде ұшқыш қана болған. Әуе көлігі адамдар жаңбырдан паналап тұрған ангардың үстіне құлаған.
Ұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 06:23
Ақтөбеде ауладағы шуға бола жасөспірімді ұрған ер адам сотталды
