«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы тағайындалды
Осыған дейін Дәулет Кәрібек хатшы қызметін атқарды

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы болып Дәулет Кәрібек тағайындалды, деп хабалайды Azattyq Ruhy.
««AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың Қаулысымен партияның Атқарушы хатшысы болып Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы тағайындалды», - делінген қаулыда.
Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Ол - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану» мамандығы бойынша PhD докторы.
2009 жылдан бастап Jas Otan жастар қанатында түрлі қызметтер атқарды. 2019 жылы Jas Otan партиясын басқарды және президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.
Сондай-ақ, «Нұрсұлтан әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы»ММ басшысы және Nur Otan партиясының елордадағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Ал тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ол - Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.