Үндістанның солтүстігінде су тасқынынан қаза болғандар саны 145-ке жетті
Келтірілген шығын жүздеген миллион долларға бағаланады
Үндістанның солтүстігінде жаңбыр салдарынан болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан қаза тапқандар саны кем дегенде 145-ке жетті. Бұл туралы жұма күні India Today телеарнасы хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұған дейін 100-ден астам адам қайтыс болғаны хабарланған болатын.
Телеарна мәліметінше, нөсер жауын елдің солтүстік-шығыс аймақтарында 8 шілдеде басталған. Оған екі фактор – муссондық жаңбыр мен Жерорта теңізі аймағынан ылғалды ауа массаларының ағыны әсер еткен. Нөсер жауын ел астанасы Дели аумағында, Химачал-Прадеш, Уттаракханд, Пенджаб, Харьяна, Раджастхан штаттарында, Джамму мен Кашмир одақтық территориясында болды.
«Химачал-Прадеш үкіметінің хабарлауынша, 24 маусым мен 13 шілде аралығында 91 адам табиғи апаттың құрбаны болды. 600-ден астам ғимарат толығымен қирап, мыңнан астамы зақымданған. Келтірілген шығын жүздеген миллион долларға бағаланады. Бірнеше жүздеген турист жол жаюылуына байланысты бірнеше күн бойы эвакуация күтуге мәжбүр болып отыр», - делінген хабарламада.
Метеорологтардың болжауынша, алдағы күндері штатта тағы да жаңбыр жауады, ал көршілес Уттаракхандта айтарлықтай нөсер болады.