«Орташа жалақысы 2500-ден 5000 еуроға дейін»: Венеция билігі дәрігерлерді жұмысқа шақыруда
Алдағы жылдары Венециядағы терапевтердің басым бөлігі зейнетке шығады
Венеция билігі терапевттерді жұмысқа шақырады. Қазір қалада жұмыс істейтін жалпы тәжірибелік дәрігерлердің барлығы дерлік жақын арада зейнетке шығады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Бүгінде Венецияда терапевттер жетіспеушілігі туындап жатыр. Елге дәрігерлерді тарту үшін жергілікті билік «Дәрігерлер, әлемдегі ең әдемі қала сізді күтеді!» атты шараны бейнежазбаны жарыққа шығарды.
«Біз жақсы жалақы алатын амбулаториялық орынды және лайықты бағамен жалға берілетін үйді ұсынамыз», - деді Венето аймағындағы денсаулық сақтау жөніндегі кеңесші Мануэла Ланзарин.
Алдағы жылдары Венециядағы барлық 44 терапевт 70 жасқа толады және зейнетке шығады. Жергілікті билік солардың орнына мамандар іздейді және қызығушылық танытқан дәрігерлерге қосымша бонустар, соның ішінде қалаға кіре берістегі тұрақ орнын ұсынуға дайын.
Италиядағы терапевттің орташа жалақысы 2500-ден 5000 еуроға дейін.