$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысындағы қамыс өртіне 501 тонна су төгілді

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Атырау облысындағы қамыс өртіне 501 тонна су төгілді
Фото: baq.kz

Атырау облысында Каспий жағалауындағы қамыс өртіне 501 тонна су төгілді. Әлі 2 гектарда қамыс бықсып жатыр. Бұл туралы  Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің мәліметінше, қамыс өртіне әлсін-әлсін аэровизуалды тексеру жүргізіліп отыр.

«Аэровизуалды тексеру жүргізілгеннен кейін қамыс өртін әуе және жерүсті тәсілімен сөндіруге шешім қабылданды. Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті 830 гектар аумақты шарпыды. Қазір 2 гектарда қамыс әлі бықсып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігіне «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағымен 167 рет су төгілді. Қамыс өртіне төгілген су көлемі шамамен 501 тоннаны құрады», - делінген хабарламада.

 Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оған облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 85 адам мен 14 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары