20.03.2020, 01:27
Жаңалықтар
ШҚО-да қар көшкініне байланысты жол жабылды
Автожолда қар көшкінінің алдын алуға байланысты жұмыстар жүргізілуде
Фото: ашық дереккөзден
Өскемен-Алтай тасжолы уақытша жабылады. Бұл автожолда қар көшкінінің алдын алуға байланысты жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«19 наурыз күні 11.00-ден бастап Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары тасжолының 58 және 66 шақырым аралығында көлік қозғалысы тоқтатылады. Аумақта қар көшкінінің алдын алу іс-шаралары жүргізіледі», – деп мәлімдеді «Қазақавтожол» ЖШС-ның облыстық филиалы.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарына су басу қаупі туралы ескертіліп жатқанын хабарлаған едік.
Көп оқылған
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
24.09.2026, 14:10
Шұғыл жағдай: Каспий теңізінде 19 әскери қызметкер суға кетті, 9-ының мәйіті табылды