Жеңіс Қасымбек: «Қарағандыдан өзге облыс бағыттары бойынша жеті көлік айрығы салынады»

Бұл туралы облыс әкімі Facebook-тегі парақшасында жазды

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды әкімі облыс айналасындағы айналма жолдар мен өңірдің орталық жолдарындағы жағдаймен танысты. Бұл туралы аймақ басшысы Ж.Қасымбек өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Солтүстік және Шығыс айналма жолдарды қайта жаңарту аясында Қарағандыдан Алматыға, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бағыттары бойынша жеті көлік айрығын салу жоспарланған. Қазір жаңа жолда төрт жолақты 1-санаттағы жеңіл көліктерге арналған жол желісі ашылды», - деп жазған әкім.

Өңір басшысының айтуынша, құрылыс маусымында абаттандыру, жарықтандыру, белгілерді және қоршауларды орнатылмақ. Сонымен қатар, жұмыстарды 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған.

Жеңіс Қасымбек облыс орталығының санитарлық жағдайына байланысты ескертулердің көптігін, еріген қар жолдардағы, тротуарлар және аулалардағы қоқыс дұрыс тазаланбағанын көрсеткенін жазған.

«Қаланың көп бөлігінде қызмет көрсететін «ГорКомТранс» мекемесінің жұмысында қоқысты шығару кестесінен айтарлықтай артта қалушылық байқалады», - деп жазды әкім.

Жеңіс Қасымбек қала әкімдігі мен мердігер ұйымдар 3 күн ішінде проблемалық учаскелерді ретке келтіруге тиісті екендігін де атап өткен.

Сұхбат
«Туристік қамқор» басшысы Асылхан Есіловпен сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты