$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Заң шығару саласындағы жұмысымыз қоғам үшін ашық – Қошанов

Ол сессияда атқарылған жұмыстар туралы атап өтті

Заң шығару саласындағы жұмысымыз қоғам үшін ашық – Қошанов
Фото: parlam.kz

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Парламент сессияның жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Заң шығару саласындағы біздің барлық жұмысымыз қоғам үшін ашық екенін ерекше атап өткім келеді. Осы сессияда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Парламенттің қос палатасы жалпы отырыстарды «Хабар 24» телеарнасында тікелей эфирде көрсетуге көшті. Сондай-ақ Мәжілістің жалпы отырысы «Жібек жолы» телеарнасынан көрсетіліп келеді. Бұл бастаманы жұртшылық жақсы қабылдап жатыр. Өзекті тақырыптар тек жалпы отырыста ғана емес, «дөңгелек үстелдерде», комитеттердің көшпелі отырыстарында да талқыланды», - деді ол.

Мәжіліс төрағасы мына мәселелерді атап өтті:

  • шағын мектептер жайы; мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік жүйесінің ахуалы;
  • экология, энергетика және өнеркәсіп салаларындағы қауіпсіздік;
  • азаматтардың төлем қабілетін қалпына келтіру, олардың банкроттығы;
  • ауылды, ауылдық жерлердегі әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды дамыту; көкөніс шаруашылығы және суармалы егіншілік; «Ауыл ел бесігі» жобасын іске асыру, т.б.

«Бұған қоса депутаттар мәселе туындаған жерлерге жедел жетіп, оқиғалардың бел ортасында халықпен бірге болды», - деді ол.

Еске салайық, бүгін Парламент жұмысын қорытындылап, каникулға шықты.

Серіктес жаңалықтары