Парламент депутаттары каникулға кетті

Аягөз Құрмаш

Қос палатаның жұмысы қорытындыланды

Парламент депутаттары каникулға кетті
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысында VIII сессияның жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Былтыр Қазақстан халқы Бүкілхалықтық референдумда Президент реформаларын қолдады. Еліміздің жаңарған Конституциясы бүкіл мемлекеттік жүйе бойынша ауқымды өзгерістерге жол ашты. Суперпрезидентітк жүйеден президенттік республика үлгісіне көштік. Парламенттің рөлі мен мәртебесі күшейді. Ел басқару ісіне халықтың атсалысу белсенділігі арта түсті. Осыған дейін ұзақ уақыт бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Бұл жолғы сайланым Қазақстан тарихындағы ең көп партиялы Парламент болып отыр. Мәжіліс түрлі көзқарастар мен саяси күштер тоғысқан алаңға айналды. Халық қалаулыларының жаңа толқыны келді. Мәжіліс құрамы ұзақ жылдан бері алғаш рет бірмандатты округтен сайланған шынайы әрі тартысты бәсекеде озып шыққан депутаттармен толықты», - деді Ерлан Қошанов. 

Сенат пен Мәжіліс депутаттары тиісті қаулыны қабылдады.                                             

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.