30.06.2023, 11:57
Жаңалықтар
Қытайда автобустың үстіне тас құлап, алты адам қаза тапты
Оқиға кезінде көлік салонында 19 адам болған
Global Look Press/Wei Peiquan
Қытайда автобустың үстіне тас құлап, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, оқиға кезінде автобус салонында 19 адам болған.
Жергілікті билік қайғылы оқиғаның Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қалалық ауданында болғанын мәлімдеп отыр.
«Тау іргесінде келе жатқан көліктің үстіне қойтастар құлаған. Соның салдарынан алты адам қаза тауып, тағы тоғыз адам жеңіл жарақат алды», - делінген хабарламада.
Арнайы қызмет құтқару жұмыстарын жүргізді. Қазір аймақта толассыз жауған жаңбырға байланысты төтенше жағдайдың «сары» деңгейі жарияланды.
Көп оқылған
05.11.2026, 11:35
Қылмыс солай ашылды: Павлодарда алты жасында нағашы ағасы зорлаған қыз ауыр қылмысты ChatGPT-ге айтып берген
05.11.2026, 08:33
«Төрт бөтелке сыра ішіп, дүкенге шыққан»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды