ШұғылCOVID-19: 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

17 наурызда елімізде қандай ауа райы болады

Синоптиктер болжамынша, бүгін Қазақстанның кей аумағында жауын-шашын болады

Сейсенбі, яғни 17 наурыз күні еліміздің кей бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін. Кей өңірде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады. Тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөліктерінде жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей аумақтарында жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысының кей өңіріне тұман түссе, Түркістан облысында күндіз таулы жерлерде күн күркірейді.

Батыс Қазақстан облысында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Кей аумақта көктайғақ, тұман болып, жел екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін. 

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 18 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей аумағына тұман түседі, көктайғақ сақталады, жылдамдығы 15-20 м/с дейін жететін күшті жел соғады.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде минус -1 – +1, ал күндіз +3-5 градус жылы болады.

Алматыда түнде 6-8 градус, күндіз 22-24 градус жылы болады.

Шымкентте түнде 11-13 градус, ал күндіз 22-24 градус жылы болады.