$ 503.05  542.99  5.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.03.2020, 09:21
Жаңалықтар

Соңғы тәулікте 14 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда 16 наурызда вирус жұқтырған оныншы адам тіркелді

Соңғы тәулікте 14 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Соңғы 24 сағатта әлемде 14 мыңға жуық адам COVID-19 вирусын жұқтырса, 862 адам аталған дерттен көз жұмған, деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.

Нақтысын айтқанда, 13 903 адам науқастардың қатарын толықтырып отыр. Олардың тек 29-ы ғана Қытайда тіркелген. Яғни, елде коронавирус жұқтыру оқиғалары күрт азайып отыр. Ал, жалпы әлемде жаңа вирус пайда болған уақыттан бері 167 511 адам оны жұқтырып үлгерді.

Осылайша, бүгінге дейін COVID-19 вирусынан барлығы 6606 адам қайтыс болған. Олардың 3388 жағдайы Қытай аумағында тіркелді. Ал, ауру әлемнің 151 еліне тарап үлгерген.

Қазақстанда коронавирусты 10 адамның жұқтырғаны расталды. Олардың сегізі Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Тағы бір қазақстандық Германияда ем қабылдап жатыр. Ауырғандар қатарында 2008 жылғы қыз бала да бар.

Серіктес жаңалықтары