01.06.2023, 07:52
Жаңалықтар
Оралда көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігіт көз жұмды
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда
Фото ашық дереккөзден
Орал қаласында көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 30 мамыр күні шамамен сағат 15.15-те Шаған өзенінен өтетін көпірде болды.
«2001 жылғы тұрғын «Динамо» спорт базасы маңындағы көпірден секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Мәйіт Орал қаласының сот-медициналық сараптама орталығына жіберілді. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу амалдарын Зачаган полиция бөлімі жүргізуде», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
