26.05.2023, 11:45
Жаңалықтар
Қостанай облысында бір айда 230-ға жуық тұрғынды кене шаққан
Алайда, мамандар бұл қалыпты жағдай деп отыр
Фото ашық дереккөзден
Күн жылынғалы Қостанай облысында кене шаққан адамдардың қатары көбейген. Соңғы бір аптада 37 оқиға тіркелсе, 1 айда 230-ға тарта тұрғын жәндіктерден зардап шеккен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Оның үштен бірі - балалар. Алайда, мамандар бұл қалыпты жағдай деп отыр. Сондықтан зиянкестерді улау жұмыстары жүргізілмейді. Тек оларды жинап арнайы зертханада жұқпалы індетке қарсы тексереді.
«Бүгінгі таңда 12 140 кене зерттелді. Барлық зерттеулер уақытында жүргізілді. Нәтижесі берілді. Соған сәйкес зерттелген кенелерден жұқпалы аурулар анықталған жоқ», - деді «Ұлттық сараптама орталығы» МК Облыстық филиалы басшысы Бауыржан Көпжасаров.
Көп оқылған
27.05.2026, 06:24
Астанада бетон араластырғыш көліктің астына түскен оқушы көз жұмды
27.05.2026, 07:27
Аптап ыстық пен нөсер: 27 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
27.05.2026, 10:05
27 мамыр күні ауа сапасы қандай болады
27.05.2026, 11:15
80 жастағы қазақстандық спортшы Кейптаун марафонын бағындырды
27.05.2026, 10:33
Қостанай облысында мектеп өртеніп кетті
27.05.2026, 11:57
Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, бір адам көз жұмды