$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шолу: «AMANAT» партиясың қоғамдық кеңестері қандай мәселелерді шешуге ықпал етті

Қоғамдық кеңестер бірқатар саланы қамтиды

Шолу: «AMANAT» партиясың қоғамдық кеңестері қандай мәселелерді шешуге ықпал етті

Өңірлердегі өзекті проблемалардың шешімін табуға «AMANAT» партиясының қоғамдық кеңестері атсалысуда. Осы орайда Azattyq Ruhy оң шешімін тапқан мәселелерді тізіп, партияның атқарған жұмыстарына шолу жасады.

 «Miras» Республикалық қоғамдық кеңесі қандай жұмыстар атқарылуныа үлес қосты?

«Қазақфильм» киностудиясында 2022 жылы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылды. 2022 жылы «Қазақанимация» 20 анимациялық жоба шығарды.

Жалпы еліміз бойынша 2021-2022 жылдары 124 мәдениет объектісі салынып, 476 мәдениет нысаны жөндеуден өтті.

Отандық ономастика бойынша өңірлерде идеологиялық тұрғыдан ескірген 6 460 атаулар анықталды. Оның ішінде 760-ы елдімекен атаулары, 5 700-і көшелер мен даңғылдар. Олардың негізгі бөлігі Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында кездеседі. 2025 жылға дейін 2 929 елдімекендер мен құрамдас бөліктер өзгертіледі деп күтілуде. Қалған 3 531 атауды 2030 жылға дейін ретке келтіру жоспарланып отыр.

Партиялық бақылау комитеті қандай жұмыстар атқарды?

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында және Ақтөбе қаласында 50-ден астам заңсыз қоқыс үйінділері тазартылды. Жамбыл облысы Шу ауданында Еңбек ауылы тұрғындарының үлкен қоқыс үйіндісін жою туралы шағымына тексеру жүргізілді. Партия араласқаннан кейін қоқысты жинау үшін арнайы техника жіберіліп, артынша полигон аумағы абаттандырылды. 1 маусымға дейін қоршау орнатылады.

Алматы, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 100-ден астам үйге газ тартылды. Атап айтқанда, Алматы облысы Ақдала және Ақтас ауылдарының тұрғындарына магистральдық газ құбырына қосылуға көмек көрсетілді.

Үш жыл бойы көгілдір отынның қосылуын күткен Ақтау қаласының «Берекелі шаңырақ» ТК тұрғындарына тиісті жағдай жасалды.

Түркістан облысы Төле би ауданының екі ауылының жеке кәсіпкерлеріне 187 га жайылым жерлер берілді.

Партияның араласуынан кейін Ақтөбе қаласының әкімдігі «Өрлеу» тұрғын алабының тұрғындарына жайылымдық жерлерді үлестіруде бастады. Жоспар бойынша 100 га жер бөлу қарастырылған.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Орталық саябағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Партиялық бақылау комитетінің ұсынысы бойынша Орал қаласының әкімдігі және «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ Орал қаласының жазғы тұрғындарына өтеусіз негізде 30 сауда нүктесін берді.

Партияның араласуынан кейін Жамбыл облысының Еңбек ауылында 3-тен 4 метрге дейінгі жол төсемі кеңейтілді.

Сонымен қатар, жалпы сомасы 200 млн теңгеден астам жалақы төленді. Нақтырақ айтқанда, Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы өңірлік университеттің 200 техжұмысшысына жалақы төленді. Көкшетау қаласының қосалқы мердігерлік ұйымдарына төлем жасамау және оқу-тәрбие корпусының ұзаққа созылған құрылысы бойынша БАҚ-та жарияланған шағымға тексеру жүргізілді. Партияның араласуынан кейін бас мердігер ұйымның басшылығы соманы 2 ай ішінде төлеуге міндеттелді. Партиялық бақылау комиссиясының ұсынысы бойынша Ақмола облысы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Р.С. Оспановқа ескерту түрінде партиялық жаза қолданылды. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының өзен көлігі қызметкерлеріне 11 млн теңге мөлшерінде жалақы төленді.

БҚО-ның 8 ауылында көшелерді жарықтандыру жүргізілді. Мысалы, Іле ауылында жаңа бағаналар мен электр беру желісі орнатылды, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының 3 ауылында қосымша жарықтандыру іске қосылды.

Бір жарым жыл бойы ауыз су мәселесі шешілмей отырған Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Шеңбертал, Жаныс би ауылдарының тұрғындарына су беру жүзеге асырылды.

Партиялық бақылаудың 586 бекеті ұйымдастырылды. Олардың қызметінің арқасында 241 нысан уақтылы пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда 345 партиялық бақылау бекеті жұмыс істеп тұр.

Азық-түлік тауарларына, дәрі-дәрмектерге, жанар-жағармай бағасының өзгеруін бақылау жөніндегі мониторингтік топтар 200-ден астам бұзушылықтар мен проблемалық мәселелерді анықтады. Әкімдіктерге және тікелей сауда нүктелеріне оларды жою бойынша ұсыныстар берілді.

Білім және денсаулық сақтау кеңесінің жұмыстары

Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша 2021-2022 оқу жылындағы педагогтердің жалақы және демалыс мәселелеріне қатысты  резонанстық сұрақтар оң шешімін тапты.

Кеңес жұмысының аясында білім беру нысандарының сапалы құрылысы мен уақтылы тапсырылуына бақылау орнатылды. Екі жыл ішінде 502 мектеп (222 мың орын) ашылды, 2 мың мектеп жаңғыртылды, 992 балабақша ашылды (84 мың орынға). Студенттер үшін 20,1 мың орынға 93 жатақхана пайдалануға берілді.

Экологиялық кеңес бақылауды күшейтті

Экологиялық кеңес шеңберінде жұмыс тобы құрылды, оның барысында ұсыныстар дайындалып, елді мекендердің жасыл желектерін құру, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Экологиялық кеңестің бастамасы бойынша өңірлерде экологиялық бұзушылықтарды тұрақты негізде анықтайтын «экологиялық патрульдер» құрылды.

Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңес өзекті мәселелерге басымдылық берді

Партия жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңес 2025 жылға қарай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалалар мен ауылдардағы таза ауыз суға 100% қол жеткізу жөніндегі сайлауалды уәделері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Кеңес жұмысы аясында сумен жабдықтау объектілерінің сапалы құрылысы мен уақтылы тапсырылуына бақылау орнатылды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша қалаларда – 98,4%, ауылдық елді мекендерде – 94,5% сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ келесі проблемалық мәселелер шешілді:

  • 2022 жылдың қорытындысы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу талап етілетін ауылдар саны 164-тен 132 ауылға дейін азайды;
  • іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу талап етілетін ауылдар саны азайды.

«AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңестің жастар саясатындағы үлесі

Кеңес қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды.

  • жастар санатының жасы 35 жасқа дейін ұлғайды;
  • «Жастарды дамыту индексі», «жастардың әлеуметтік қызметтері», «уақытша орналастырылмаған жастар», «жастармен жұмыс жөніндегі маман», «жастардың еңбек жасақтары» ұғымдары заңнамалық тұрғыдан бекітілген;
  • жастар ресурстық орталықтарының функциялары кеңейтілді;
  • мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарына жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру және жастар арасында волонтерлікті дамыту енгізілді;
  • уәкілетті органның құзыретіне жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын, жастардың еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын, жастарды дамыту индексін енгізу және қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі функциялар енгізілген.
Серіктес жаңалықтары