26.05.2023, 11:36
Жаңалықтар
ҰҚК жүк пойызы арқылы шекарадан заңсыз өтіп кетпек болған шетелдікті ұстады
Ұсталған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүк пойызы арқылы шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«17 мамырда ҰҚК Шекара қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Булаев» (теміржол) бақылау бөлімшесінің шекара наряды РФ-на заңсыз өтпекші болған шетел азаматын ұстады.
Шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында жүк пойызының вагонының үстіңгі бөлігінде жасырынған мемлекеттік шекара бұзушы анықталды», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Ұсталған адам ҚР ӘҚБ Кодексінің 514-бабы 1-тармағының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты