$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Заң өсімдіктердің генетикалық қорын сақтауға мүмкіндік береді - Құтпанбаев

Заңды әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе ескерілді

Заң өсімдіктердің генетикалық қорын сақтауға мүмкіндік береді - Құтпанбаев
Фото ашық дереккөзден

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР «Өсімдіктер дүниесі туралы» заңының заң жобасы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мәселен 2023 жылға дейін қолданыстағы Орман кодексімен және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» және «Жайылымдар туралы» заңдармен жалпы ауданы 139 млн га мемлекеттік орман қорында, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде өсімдік дүниесін қорғау, сақтау, қалпына келтіру және пайдалану мәселелері реттелген болатын. Ал 94 млн га (34%) алаңдағы босалқы жер қорында ілеспе өсімдік дүниесіне байланысты дәрілік өсімдік шикізаты, көпжылдық екпелер, генетикалық және өзге де өсімдік ресурстары сияқты мәселелер заңнамамен реттелмеген болатын», - деді Құтпанбаев.

Ол атағандай, осыған байланысты өсімдік ресурстарын тиімсіз пайдалану, олардың өсу орындарын жою, адам енгізген бөтен түрлермен жергілікті өсімдіктердің ығысуы орын алуы мүмкін болды.

«Нәтижесінде өсімдіктердің әртүрлілігінің төмендеуіне және табиғи экологиялық жүйелердің деградациясына әкелуі мүмкін еді. Осыған орай «Өсімдіктер дүниесі туралы» заң әзірленіп, қабылданды. Заңды әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе ескерілді. Өсімдіктер дүниесі туралы ұқсас заңдар Австралияда, Канадада, Оңтүстік Кореяда және Еуропалық Одақ елдерінде, ал жақын шет елдерде - Армения, Беларусь, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украинада бар. Заңның реттеу саласы жабайы өсімдіктерді, олардың популяциялары мен олар үшін табиғи жағдайда өсетін қауымдастықтарды, генетикалық қорды сақтау мақсатында ерекше жағдайларда ұсталатын олардың бөліктерін, сондай-ақ жасыл алқаптарды қамтиды. Заңның ережелері ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне, сондай-ақ жеке учаскелерде өсетін өсімдіктерге, жеке қосалқы шаруашылыққа арналған учаскелерге, бау-бақшаға, саяжай құрылысына және көгалдандыруға қолданылмайды», - деді ол.

Құтпанбаев атағандай, заң өсімдіктер дүниесін түгендеу, мемлекеттік мониторинг және кадастр жүргізу тәртібін айқындайды.

«Бұл бүкіл республика бойынша өсімдік ресурстарының есебін жүргізуге, олардың сандық және сапалық сипаттамаларының өзгерістерін талдауға, сондай-ақ өсімдіктер дүниесіне экономикалық баға беруге мүмкіндік береді», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#заң #өсімдік